1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Елімізде сақтандырылғандар саны 2020 жылы 15,87 болса, 2023 жылы 16,6 миллион адамға дейін жетті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында азаматтарды МӘМС жүйесімен қамту үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған сәттен бастап денсаулық сақтау бюджеті 1-ден 2,5 трлн теңгеге дейін өсті. Бір тұрғынға жұмсалатын шығыстар 2 есе – 56 мың теңгеден 122 мың теңгеге дейін ұлғайды. Азаматтар бұрын ақылы өткен медициналық қызметтерді МӘМС аясында алуға мүмкіндік алды. Мәселен, компьютерлік томография, МРТ және де диагностикалық тексерулер, салалық дәрігерлер кеңесінің көлемі 7 есе өсті.

«Қазір азаматтардың МӘМС туралы түсінігі қалыптасты. Бұрын олар МӘМС деген не және не үшін керек десе, қазір адамдар медициналық көрсеткіштеріне қарай медициналық қызметке неге жолдама берілмейтінін сұрайды, күту мерзімдерін сақтауды талап етеді. Адамдар сақтандырылған мәртебесінің пайдасын түсініп, өздері үшін жарна төлейді», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметінде.

2020 жылы елімізде 15,87 миллион адам сақтандырылған болса, қазір олардың саны 16,6 миллионнан асады. Халықты МӘМС жүйесімен қамтудың артуына 2022 жылы алдағы 12 айға жарналарды төлеу кезінде мәртебе алу мүмкіндігі берілгені себеп болып отыр. Бұл ретте олар өткен жылғы берешекті төлемейді.

Бұл ретте азаматтарды МӘМС жүйесімен қамту үшін жұмыстар бірнеше бағытта жүргізілуде. Халықпен кездесулер өткізіліп, жұмыс берушілерге қызметкерлері үшін МӘМС төлемдерін уақтылы төлеу қажеттілігі түсіндіріледі. Экономикалық белсенді халықты жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз етіп, еңбекке жарамсыз азаматтарды жеңілдіктер тізіміне енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеу бойынша сұрақтар барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына жіберілді.

15.11.2023
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу